Қарағандыда 10 айлық сәби мұзға құлап, көз жұмды

852

Қарағандыда 10 айлық сәби мұзға құлап, көз жұмды

Қарағанды тұрғыны 10 айлық нәрестені мұзға құлатып алды. Сәби алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды inform.kz.

Қайғылы жағдай Қарағандының Октябрь ауданында болды. Қала тұрғыны он айлық сәбиін оқушы қызына ұстатып, серуендеуге жібереді. Тайғанақ жолда келе жатқан қыз құлап, баланы қолынан түсіріп алады. Нәрестенің басы ауыр жараланады. Қыз талып қалған баланы алып, үйіне кіреді. Сәбиді үйінен жедел жәрдем алып кетеді.

"Бала төртінші дәрежелі комаға түсті. Ол жансақтау бөлімінде есін жимай, көз жұмды. Миы ісіп, асқазанына қан кеткен", – дейді клиникалық аурухананың мамандары.

Аудандық прокуратура өкілдері нәрестенің қаза болуына байланысты тексеру жүргізетінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу