Қарағандыда 10 мың тонна өнім сақтайтын екі қойма салынады

293

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған екі жаңа қойма іске қосылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда 10 мың тонна өнім сақтайтын екі қойма салынады Фото: gov.kz

Жаңа нысандардың жалпы сыйымдылығы 10 мың тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жобалардың бірі биыл аяқталады.

"Достық-2009" серіктестігі 6 мың тонна өнімге арналған заманауи көкөніс қоймасын салуда.

Ал "Юбилейное" шаруашылығында 4 мың тонна картоп сақтайтын қойма тұрғызылып жатыр. Оны 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа нысандардың іске қосылуы өңірде өсірілген өнімді ұзақ уақыт сақтауға, шығынды азайтуға және көкөністі жыл бойы нарыққа тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде облыста 329 мың тонна картоп сақтайтын 121 қойма және 24 480 тоннаға арналған 20 астық қоймасы жұмыс істейді. Сонымен қатар өңір шаруашылықтары өндірісті жаңғыртып, суару жүйелерін енгізуге және жаңа жобаларды жүзеге асыруға инвестиция салуда.

Мәселен, "Шығыс" шаруашылығы 1,5 мың тоннаға арналған астық қоймасын салып, енді суару жүйесін жаңартуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, мұнда 1 мың басқа арналған ірі қара фермасы салынуда.

Жобаға 1,5 млрд теңге инвестиция қарастырылған. Ведомство жаңа қоймалардың құрылысы азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, маусымдық тапшылық пен баға ауытқуын азайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу