Қарағандыда 10 жасар бала жетінші қабаттан құлап көз жұмды

259

Қайғылы оқиғаға онлайн ойын себеп болуы мүмкін.

Қарағандыда 10 жасар бала жетінші қабаттан құлап көз жұмды Фото: Inbusiness.kz

Қарағандыдағы Гапеев көшесі бойындағы жаңа ғимараттың жетінші қабатынан 10 жасар бала құлап көз жұмды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Баланың туыстары қайғылы оқиғаға онлайн ойын себеп болуы мүмкін деп отыр. Бала мобильді қосымша арқылы ойын ойнаған.

Балада өмірімен қоштасқысы келетіндей ешқандайда белгілер байқалмаған, өйткені ол белсенді және көпшіл болған. Отбасы бұлай болады деп еш ойламаған, деп жазды Press.kz.

Қазіргі уақытта полицейлер баланың өлімін тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу