Қарағандыда өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының "Жас отбасыларға арналған баспана" бағыты бойынша қатысушыларға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Көктемде 108 жас отбасы қоныс тойын тойлайды. Тұрғын үйде 72 бір бөлмелі және 36 екі бөлмелі пәтер бар.
Бағдарламаның шартына сәйкес, мемлекеттік баспана алуға жасы 29-ға толмаған, кем дегенде екі жыл бірге тұратын (бағдарламаға қатысқан кезде) ерлі-зайыпты құжат тапсыра алады. Сондай-ақ анасы (әкесі) 29-ға толмаған балалары бар толық емес отбасылар, соның ішінде ажырасқандар мен жесір қалғандар бағдарламаға қатыса алады.
Пәтер алғандардың бірі – жас дәрігер Шапшанбаевтар отбасы. Дастан Мақажанов атындағы клиникада травматолог болып істейді. Жұбайы Жанар Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде резидентураны бітіреді. Олар үш бала тәрбиелеп отыр, ең кішісі – 7 айлық.
"Әрине, қуаныштымыз. Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұрып келеміз. Айына 75 мың теңге төлейтінбіз. Жаңа пәтердің арендалық ақысы үш есе аз. Бағдарламаға қатысуға құжаттарды үш ай бұрын тапсырдық. Конкурстан өттік. Пәтер алушылардың тізімінде алғашқылардың бірі болып тұрдық", – дейді отағасы.
15 жылдан кейін арендалық пәтерді жекешелендіруге болады.