Қарағандыда 1349 медициналық қызметкер үстеме ақы алды

1194

Жалпы оларға 139 миллион теңге төленді. 

Қарағандыда 1349 медициналық қызметкер үстеме ақы алды

Коронавирусқа қарсы күреске тартылған қарағандылық дәрігерлер еңбекақыға үстеме ақы алды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Қосымша төлемдер жұқпалы провизорлық және карантиндік госпитальдардың, жедел медициналық көмек қызметінің мамандарына және карантиндік блок бекеттерде кезекші дәрігерлерге тиесілі.

Республикалық бюджеттен 1349 медициналық қызметкер үстеме алды. Жалпы оларға 139 миллион теңге төленді. Сыйақы мөлшері сағаттардың санына және қызметкердің біліктілігіне байланысты.

Облыстық бюджет есебінен тағы 1677 дәрігер қосымша еңбекақы мөлшерінде сыйақы алды. Жалпы бұл сома 197 миллион теңгеге тең.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кронавирустық инфекцияға қарсы күреске қатысатын медициналық қызметкерлерге қосымша үстеме тағайындауды тапсырған болатын. 2020 жылдың төртінші сәуірінде Денсаулық сақтау министрлігі сыйлық мөлшері мен қосымша сыйақы тиесілі қызметкерлердің тізімін бекітті. Ел өңірлерінде тиісті комиссиялар құрылып, коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлерінің тегі бойынша тізімдері жасалды. Қазақстанда бұл үстемеақыны 30 мыңнан астам дәрігер алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу