Қарағанды облысында УАЗ көлігі өзенге құлап, 2 адам қаза тапты. Тағы бір адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Төтенше жағдай түнгі уақытта Қарқаралы ауданы Бесоба ауылының маңында болған. Алдын-ала мәліметке жүгінсек, УАЗ 220695-440 маркалы көліктің жүргізушісі өзен суының тасуына байланысты көлік тізгінін игере алмаған. Содан көлік өзенге құлап кеткен.
Көлікте 14 адам болған. Олардың арасында кәмелетке толмаған 3 бала бар. 11 адам көліктен өз бетінше шыққан. Ал қалған үш адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр. Кейінірек сүңгуірлер 2 адамның мәйітін тапқан. Олардың кім екені әзірге белгісіз. Тағы 1 адам іздестіріліп жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, көліктен шыға алмағандардың арасында 1961 жылғы жүргізуші мен оның 1994 жылғы ұлы және тағы бір жасөспірім бар.