Құрылыс салушылар әлі аяқталмаған үйлердегі пәтерлерді жарнамалап, сататындығын мониторинг барысында әкімдік қызметкерлері анықтады. Олар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарға мәліметтерді берді.
"ҚР тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және ҚР тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу" әкімшілік бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасайды және сотқа жолдады.
Осылайша сот Қарағанды мен Балқашта ірі тұрғын үй кешендерін салатын 13 құрылыс компаниясына айыппұл салды. Айыппұл - 300 АЕК, бұл 1 миллион 35 мың теңге. Тағы екі компания иесіне хабарлама жіберілді. Яғни, оларға да айыппұл төлеткізеді.
Сонымен қатар, тұрғын үй кешендерін салатын 8 компанияда құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат құжаттары жоқ екендігі анықталды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары қызметкерлері тұрғындарды ақшаны компанияға бермес бұрын алдымен оларға қоңырау шалуға шақырады.
"Олар айыппұл төлейді. Осыдан кейін олар жарнаманы тоқтатуы керек. Қазіргі уақытта Қарағанды облысында, Қарағанды қаласында бірде-бір құрылыс салушының үлескерлердің ақшасын алуға рұқсаты жоқ. Ал рұқсатты Қарағанды қаласының әкімдігі береді.", - деді Әділет Ақышев Қарағанды облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының бас маманы.