Қарағандыда 15 жастағы қызды "әйел қылып алған" ер адам 17 жылға сотталды

163

Сот істі жан-жақты қарап, айыпталушының кінәсі толық дәлелденген деп шешті.

Қарағандыда 15 жастағы қызды "әйел қылып алған" ер адам 17 жылға сотталды Фото: РБК

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды, ал прокуратураға оқиғаға жол берген ересектердің әрекетін заң тұрғысынан тексеру тапсырылды. 

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көпшіліктің назарын аударған іс қаралды. Айыпталушы, 37 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс жасады деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, биылғы жылдың басында Абай қаласының тұрғындары қыздың анасы мен өгей әкесі, оны ер адамға тұрмысқа шығуға көндірмек болған. Қыздың қарсы болуына қарамастан, өгей әкесі оны сол ер адаммен бірге Қарағандыға жіберген. 

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға ең жоғарғы жаза 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап, керісінше, істі жеңілдетілген бап бойынша қарауды өтінген. Сот істі жан-жақты қарап, айыпталушының кінәсі толық дәлелденген деп шешті. Сот үкімімен ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған өмір бойына білім беру және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу саласында еңбек етуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, сот прокуратура атына жеке ұйғарым шығарып, жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерін тексеруді тапсырды, олардың заңды бұзу белгілері бар-жоғы анықталатын болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу