Қарағандыда 168 оқушы кадетке қабылданды, деп хабарлайды 24.kz.
Болашақ тәртіп сақшыларына куәліктерін полиция қызметкерлері табыстады. Кейбірі тіпті, құжатын генерал-майордың қолынан алды.
Ал жас өрендер жақсы оқып, білікті маман болуға ант қабылдады.
Қазір Қарағандыдағы 6 бірдей мектепте кадет сыныбы жұмыс істейді.
"Келешекте егеменді еліміздің белді бір қорғаушылары болады деп есептеймін", - дейді . облыстық ІІД басшысы Мергенбай Жаппаров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу