Қарағандыда 17 мың қорап контрабандалық темекі тәркіленді

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері контрабандалық темекі өнімдері айналымының жолын кесті.

Қарағандыда 17 мың қорап  контрабандалық темекі тәркіленді Фото: МКК

2023 жылғы 16 маусымда Қарағанды қаласының базарларының аумағында әр түрлі маркалы темекі түріндегі темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз (акциздік маркалар) сату фактілері анықталды.

АҚШ, Қырғызстан және Ресей өндірісінен алынған контрафактілік өнімнің жалпы саны 17 мың қорапты құрады.

Анықталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралатын болады, ал анықталған темекі өнімдері тәркіленіп, жойылады.

Бұған дейін Департамент қызметкерлері 3000-ға жуық өнімді электронды темекіні, құрамында никотин бар ерітінділерді, сондай-ақ кальянға арналған темекіні, заңсыз сату фактілерін анықтаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу