Қарағандыда 17 жастағы жігіт шахтаның тұндырғышына батып кетті

607

Қарағандыда 17 жастағы жігіт шахтаның тұндырғышына батып кетті

Қарағандыда жас жігіт шахтаның тұндырғышына батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"8 шілде күні сағат 17:00 шамасында қоңырау келіп түсті. 18:31-де судан 17 жастағы жігіттің денесі шығарып алынды. Ол достарымен бірге рұқсат етілмеген жерде шомылған. Марқұмның өлімінің себептері әлі тексеріліп жатыр", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қарағандыда шахта және карьерлер маңында осы сияқты бірнеше жасанды су бассейндері бар. ТЖД мәліметтеріне сүйенсек, өткен аптада Қарағанды облысында құтқарушылар суға батқан алты адамның денесін тапқан, оның үшеуі - жас бала. Олардың барлығы тыйым салынған суға шомылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу