Қарағандыда 2 жасар бала 11 магнит жұтып қойған

464

Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде. 

Қарағандыда 2 жасар бала 11 магнит жұтып қойған Фото: Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Қарағандылық дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды. Екі жасар сәбидің ішек-құрылысынан бөгде заттарды алып тастау үшін операция жасалды, деп жазады inbusiness.kz halyq-uni.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  

4 ақпан күні облыстық балалар ауруханасына 2 жасар бала түсті. Ол іші ауырып, құсқысы келетінін айтқан. Қабылдау бөліміне іш қуысы мүшелерінің рентгенографиясы жасалып, асқазан-ішек жолдарында бөгде заттар (магниттер) бар екені анықталды.

"Тез арада балаға операция жасалды. Операция кезінде ішек перфорациясының (жарылып кетуі) аймақтары анықталды. Бөгде заттың металл магниттер екені белгілі болды, барлығы 11 дана болып шықты. Операция 1,5 - 2 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу