Қарағандыда 200-ден астам студент жыл соңында жаңа оқу орнын іздейтін болды

185

Лицензиясыз қалған колледж жақында жабылады. 

Қарағандыда 200-ден астам студент жыл соңында жаңа оқу орнын іздейтін болды Фото: Naked Science

Қарағанды медицина университетінің қайта құрылуына байланысты ЖОО жанындағы колледждің 3-4- курсында оқитын 218 студент оқуын жалғастыру мүмкіндігінен айырылды. Жоғары оқу орны техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына қойылатын біліктілік талаптарын растаған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты eKaraganda.kz басылымына сілтеме жасап.

"Облыс әкімдігі университет тарапынан студенттер арасында тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоқтығына алаңдаушылық білдіріп отыр. Салдары білім алушылар мен оқытушылар үшін қосымша қиындықтар туғызды. Әкімдік студенттер, қызметкерлер үшін жағымсыз салдарларды азайту және білім беру процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді", – деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгінде студенттерді басқа медициналық колледждерге ауыстыру және колледж педагогтарын жұмысқа орналастыру мәселесі пысықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу