Қарағандыда 23 рет алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

808

Жәбірленуші оған 4 млн-ға жуық теңгесін берген.

Қарағандыда 23 рет алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Қарағандыда 23 рет алаяқтық қылмысын жасаған 27 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы 23 тамызда 48 жастағы қарағандылық Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, биыл ақпанда мүліктік кепілдік арқылы несие алуға көмектесемін деген тұрғынға 4 млн-ға жуық теңгесін берген. Белгісіз ер адам жәбірленушіге кепілдік арқылы үлкен мөлшерде несиені қалай дұрыс рәсімдеу керегін түсіндірген. Жәбірленуші күдіктіге сеніп, ақшасын бере салған. 

Кейін әйел белгісіз ер адамның алаяқ екенін білген. Оның суретін жәбірленушіге тергеуші көрсеткен.

Бүгінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, күдікті ұсталған. Оның осыған ұқсас 23 алаяқтық қылмысын жасағаны дәлелденген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу