Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасына алданған

1384

Күдікті тұрғындардан 80 млн теңгеден аса қаражат жинап үлгерген.  

Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасына алданған

Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасының құрбаны болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Лидер Капитал 168" ұйымы "өсіммен қайтарамыз" деп тұрғындардан қомақты қаржы жинаған. Шығын көлемі 80 млн теңгеден асады. Алаяқ фирманының әрекетін Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті әшкерелеген.

Күдікті әйел қаржылық ұйымды былтыр ашып, "бизнесін" жеке пәтерде жүргізген. Айғақ заттар тәркіленді. Ол тұрғындарды ақшасын жоғарғы пайызбен еселеуге үгіттеген. Күдікті салым сомасын теңгемен 18%, ал доллармен 6% мөлшерінде жыл сайын көбейту шартымен 80 миллион теңгеден аса қаражат жинап үлгерген.  

"Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті  "Лидер Капитал 168" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйымнан зардап шеккен азаматтардан тез арада хабарласуын сұраймыз. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 217-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", -деді Қарағанды облысы бойынша ЭТД 2-тергеу басқармасының аға тергеушісі Дана Байдүйсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу