Қарағандыда 29 жастағы ер адам кәріз суына батып кетті

813

Құдыққа құлаған әкесін құтқармақ болған жігіт өзі мерт болды.

Қарағандыда 29 жастағы ер адам кәріз суына батып кетті

Қарағандыда құдыққа түсіп кеткен әкесін құтқармақ болған жігіт өзі кәріз суына батып кеткен. Қайғылы оқиға түнде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 шілде түнде сағат 03:58-де Қарағанды қаласының ТЖ қызметіне Бурабай көшесі бойында №92 тұрғын үйдің жанындағы кәріз суын жинауға және соруға арналған қосалқы станцияда ер адам құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай, 59 жастағы қарағандылық кәріз құдығын тазалағысы келген. Алайда, абайсызда тереңдігі 6 метрлік құдыққа құлап кеткен. Үй иесін құтқару үшін оның ұлы мен көршісі құдыққа түскен. Дегенмен, олар ер адамды өз күшімен шығара алмаған. Құтқару үшін ТЖ қызметкерлері шақырылды.

Сағат 04:53 және 05:02-де ТЖД күшімен үй иесі мен оның көршісі құтқарылып, медициналық мекемеге жатқызылды.

"Екі ер адам (1960 және 1989 жылдары туған) Х. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр деп бағалануда", – деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өкінішке қарай, үй иесінің ұлын аман алып қалу мүмкін болмады. Сағат 06:30-да ТЖД және "Қарағанды Су" ЖШС күшімен 29 жастағы ер адамның денесі табылып, сыртқа шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу