"Тұрғындарға сенімділік" жобасы аясында Бұқар жырау ауданында 1974 жылғы кеңестік паспортты әлі де қолданып жүрген тұрғындар бар болып шықты, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Халықты құжаттандыру мақсатында онда барған жергілікті полиция өкілдері мен миграциялық полиция қызметкерлері олардың барлығынан жеке куәлік алу жөнінде өтініш қабылдады. Енді олар басқа да аудандарға барып, тексеру жүргізуді көздеп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу