Қарағандыда 35 жас полиция қызметкері ант қабылдады

2120

Отанға адал қызмет етіп, үлгі тұтар тәртіп сақшылары болуға уәде берді.

Қарағандыда 35 жас полиция қызметкері ант қабылдады

Қарағандыда 35 жас полицей ант қабылдады. Олармен бірге он офицерге арнай атақ берілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Іс-шараны Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полковник Құрманғали Ысмағұлов ашты. Ол жас әріптестерін құттықтап, Отанға адал қызмет етіп, үлгі тұтар тәртіп сақшылары болатынына сенім білдірді.

"Полициядағы қызмет – бұл заңға және адамдарға деген терең құрметке негізделген, үлкен шыдамдылық пен азаматтық борышты, адалдық пен әділдікті талап ететін қиын жұмыс. Сіздердің борыштарыңыз – қоғам тарапынан көрсетілетін құрметке сай қызметтік міндеттерді абыроймен орындау және Қазақстан Республикасының азаматы мен патриоты құрметті атағына ие болу", –деді ол.

Іс-шарада жедел әрекет ету арнайы жасағы жауынгерлері өнер көрсетті. Олар өздерінің кәсіби-жауынгерлік дағдыларын паш етті. Сондай-ақ, қонақтардың назарына облыстық полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының қызметтік иттері көмегімен қылмыскерлерді ұстау үлгілері ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу