Қарағандыда қараусыз қалған бүлдіршін балабақшадан өз бетімен шығып кетіп, көлік көп жүретін жолды кесіп өтіп, үйіне келді, деп хабарлайды inbusiness.kz patriotnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды қаласының білім бөлімі қажетті шаралар қабылдауда.
"Балабақшаның тәрбиешісі мен директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, бұл мектепке дейінгі мекемеде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тексеру жүргізілуде", делінген қалалық білім бөлімі басқармасында.
Белгілі болғандай, баланы көшеде көрген көршісі бірден жұмыстағы қыздың анасына телефон соғады. Жұмыстан келген әйел 4 жасар қызын тауып алған. Кішкентай қыз анасына тәрбиешісінің бүгін жұмысқа келмегенін айтып, үйге өз бетімен қайтуға бел буғанын айтқан.