Қарағандыда 4 жасар қызды ұрлаған шетел азаматы ұсталды

464

Күдікті Астана қаласында ұсталды.

Қарағандыда 4 жасар қызды ұрлаған шетел азаматы ұсталды Фото: polisia.kz

Бұл туралы inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ге 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы оның 4 жасар қызын ұрлап кеткен.

Аталған факт Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы, яғни "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау" бойынша тіркелді.

13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.

Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу