Кеншілердің қаза болуына себеп болған өндірістік апат ісі бойынша үкімді Әлихан Бөкейхан атындағы аудандық соттың судьясы Бахтияр Аханов жариялады.
Іс материалдарында 74 адам жәбірленуші ретінде танылды. Қылмыстық жауапқа тартылғандар саны – 10. Сот шешімімен олар мынадай мерзімдерге сотталды:
- Сергей Мустивко, Костенко атындағы шахта директоры – 8 жыл бас бостандығынан айырылды;
- Вадим Ерёмин, өндіріс жөніндегі директордың орынбасары – 7 жыл;
- Николай Грознов, бас инженер – 7 жыл;
- Виктор Коптенков, №6 учаске бастығы – 7 жыл;
- Владимир Гонноченко, қазба жұмыстары жөніндегі бас инженердің орынбасары – 6 жыл 6 ай;
- Дмитрий Федоренко, еңбекті қорғау жөніндегі бас инженердің орынбасары – 6 жыл;
- Владимир Шишканов, желдету және еңбекті қорғау учаскесінің бастығы – 5 жыл;
- Дмитрий Коцар, бас механик – 6 жыл;
- Виталий Пестрятак, шаң-жарылысқа қарсы қорғау учаске бастығының көмекшісі – 6 жыл;
- Төлеген Ғабдүшев, конвейерлік тасымалдау учаскесінің бастығы – 5 жыл.
Еске салсақ, 2023 жылдың 28 қазанында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты "Костенко" шахтасында болған жарылыс ауыр зардаптарға әкелді – 46 кенші мерт болып, 28 жұмысшы түрлі жарақат алды.
Қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке аталған компаниямен инвестициялық серіктестікті тоқтату жөнінде нұсқау берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу