Қарағандыда 1 желтоқсаннан бастап № 48 жаңа автобус бағыты жұмыс істей бастайды. Қозғалыс келесі бағытта болады: Долинская – Монтажная көшелері Вагонная көшесіндегі басты жол арқылы.
"Егер бұрын шалғайдағы үйлердің тұрғындары №1 және №5 маршруттар аялдамасына дейін бір шақырымнан астам жаяу жүруге мәжбүр болса, енді бұл мәселе шешілді", – дейді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде.
Қарағанды әкімдігінің ақпараты бойынша, маршрутта бір автобус жүреді: жұмыс күндері және сенбі күндері, сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін және қозғалыс аралығы 60 минут.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу