Қарағандыда 5 гектар аумақтағы қарасора жойылды

636

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. 

Қарағандыда 5 гектар аумақтағы қарасора жойылды

5 қыркүйек күні Қарағанды қаласынан 10 шақырым жерде полиция қызметкерлері қарасора алқабын анықтады. Оның ауқымы 5 гектар жерді алып отыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы, кинология қызметі және әкімдік қызметкерлерімен жүргізілген іс шаралар барысында 2 мың түптен астам қарасора жойылды. Аталған бағыттағы іс-шаралар әліде жалғасын табады.

"Полиция қызметкерлері үнемі үкіметтік емес ұйымдар, әкімдік және еріктілермен бірлесіп жабайы қарасора өсімдіктерін жойу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Сондықтан да біз қала тұрғындарынан өздеріне тиесілі аумақта осындай қарасора өсімдіктерін анықтау және дер кезінде көзін жойу шараларын өткізуді сұраймыз. Егер жабайы өскен қарасораны жоймаған жағдайда жеке тұлғаларға 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 70 АЕК ал ірі кәсіпкерлік субъектілерге 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады", – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Нұрым Садвакасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу