Қарағанды қаласындағы жеке секторда 60-қа жуық үй жылусыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде таралды. Белгілі болғандай, троллейбус тиелген ауыр жүк көлігі Шәкіров көшесіндегі жеке сектордың жылу трассасын бұзған.
Қарағанды қаласының әкімдігі оқиға салдарынан жеке үйлерді жылумен жабдықтау ішінара бұзылғанын мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта аудан әкімдігі мен "Теплотранзит" ЖШС өкілдері оқиға орнына барды. Жүйенің қатып қалуын болдырмау үшін су төгіп жатыр, сондай-ақ ескі құбырды бөлшектеуге және жаңа құбырды монтаждауға кірісті", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу