Қарағандыда Абай облысының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау басталды

589

Гуманитарлық көмек жинауды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.

Қарағандыда Абай облысының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау басталды Фото: Абай облысы әкімдігі

Қарағандылықтар орман өрттерінен зардап шеккен Абай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсете алады, деп хабарлайды Inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Абай облысында өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауды ұйымдастырады. Көмек көрсетуге ниет білдіргендердің барлығы пайдаланылмаған заттарды, гигиена құралдарын, бірінші кезекте қажетті заттарды әкеле алады", – делінген Қарағанды облысының ҚХА хабарламасында.

Гуманитарлық көмек жинау пункті Қарағанды Достық үйінде Шахтерлер даңғылы, 64, 114 кабинетте орналасқан.

Байланыс телефоны 22-25-87.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу