Қарағандыда адам ұрланды

901

Қарағандыда полицейлер қала тұрғынын ұрлап кеткен қаскүнемдерді ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қарағандыда адам ұрланды

21 ақпан күні Қарағанды қаласының полиция басқармасының Михайловский полиция бөліміне бейтаныс адамдардың 34 жастағы ер адамды "Тойота" маркалы автокөлігінің салонына күштеп отырғызып, оны белгісіз жаққа алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

"Санаулы уақытта оқиға орнына Қарағанды қаласының патрульдік полициясының жақын маңдағы бірнеше жасағы келді. Полицейлер қала көшелерінің бірінде бағдардағы көлікті байқаған. Олар көлікті тоқтатқан. Онда екі күдікті – 25 және 33 жастағы ер адам, сондай-ақ ұрланған азамат болған", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қаскүнемдер кінәларын мойындады. Ұсталғандардың айтуынша, олардың заңсыз әрекеттерінің себебі жәбірленушінің ақшалай қарызы болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 125-бабы "Адамды ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу