Қарағандыда үстіне ағаш құлап кеткен 5 жасар бала көз жұмды

248

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Қарағандыда үстіне ағаш құлап кеткен 5 жасар бала көз жұмды Фото: pixabay

Қарағандыда ағаш бұтағы құлап, 5 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қайғылы жағдай 16 тамызда Пришахтинсктегі 23-шағын ауданында болған. Қатты жел салдарынан бұтақ құлап, аулада келе жатқан баланың үстіне құлаған. Ол алған жарақаттарынан көз жұмды.

Оқиғаға дейін ағаштың апатты жағдайда болмағаны туралы айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу