Қарағандыда ағаш есептеу басталды

1199

Қарағандыда ағаш есептеу басталды

Қарағандыда жасыл желектердің электрондық картасы құрылып жатыр. Онда барлық ағаштар мен бұталар белгіленіп, олардың жағдайы мен күтім ережелері жазылады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

Бұл жұмыстармен ауыл шаруашылық және агросиммиляция қазақ ғылыми-зерттеу институтының қарағандылық филиалының мамандары айналысып жатыр.

Ағаштарды есептеу осы жылдың тамызында басталды. Жұмыстар 2019 жылдың сәуірінде аяқталады деп жоспарлануда. Қалалық бюджеттен бұл мақсаттарға 65 миллион теңге бөлінген. 

"Барлығы екі адамнан құралған бригадалармен 30 адам жұмыс істеп жатыр. Олардың біреуі өлшемдер жасайды: ағаштың биіктігін, диаметрін, жасы мен жағдайын анықтайды. Екінші адам ағашты картада белгілейді. Сонан соң бұл деректер цифрланады да, электрондық картаға енгізіледі. Осы мәліметтерге сүйене отырып, ағаштарды кесуге, оруға рұқсаттамалар берілетін болады", - дейді коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Жанболат Тоқмұрзин. 

Болашақта, электрондық карта толығымен дайын болғанда, көгалдандырумен айналысатын барлық ұйымдар отығызған ағаштарын, отырғызған уақыты мен ағаштың түрін көрсетіп, сол жерде белгілейтін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу