Күзде Қарағандыда әйелдер мен балаларды емдейтін бірегей емхана ашылады. Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, алайда медициналық мекемеге қазір тіркелуге болады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Әйелдер консультациясы мен балалар емханасы бір ғимаратта орналасатын болады. Жобаны дайындап, іске асырып жатқан алматылық инвесторлар.
Жаңа емхана 18 жасқа дейінгі балалар мен репродуктивті жастағы (18-49 жас аралығындағы) әйелдерді қабылдайтын болады. Инвесторлардың сөзінше, олар осы санаттағы науқастарды балалар мен ересектер өзара араласпау үшін әдейі таңдаған. Емханада орнатылатын жабдықтар барлық медициналық талаптарға сай.
"Инвесторлар бізге өткен жылы шықты,барлық қажетті құжаттарды ұсынды. Біз осындай әйелдер консультациясы мен балалар емханасының ашылуын қолдап, МЖӘ аясында келісім жасадық. Мемлекеттік тапсырыс аясында халыққа көрсетілетін барлық қызметтер тегін болады",– деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында.