Қарағандыда әйелдің үстіне бағана құлап, көз жұмды

92

Оқиға 22-ші шағын ауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қарағандыда әйелдің үстіне бағана құлап, көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

59 жастағы әйел жолдан өтіп бара жатқанда жарық бағанасы кенеттен құлап, оның үстінен басып қалған. Жедел жәрдем қызметі әйелді ауруханаға жеткізгенімен, әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. 

Қарағанды қаласының 59 жастағы тұрғынының өліміне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-бөлігі ("Абайсызда өлімге әкеп соқтыру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта толыққанды тергеу жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу