Қарағандыда айналма жолдың құрылысына 48 млрд теңге қажет

799

Қарағандыда айналма жолдың құрылысына 48 млрд теңге қажет

Қарағандыда бүгінде177 мың автомобиль мен мотоцикл тіркелген. Олардың басым бөлігі азаматтардың меншігінде (154 мың), деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Қауіпсіздікке әсер ететін маңызды фактор транзит көліктер үшін Орталық – Оңтүстік бағытында айналма жолдың болмауы. "ҚазАвтоЖол" АҚ жалпы құны 48 млрд теңгені құрайтын ұзындығы 49 км қаланы Солтүстік-шығыстан айналып өту жолын қайта жөндеу мен салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірледі. Бұл қаланың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ қаржыландырудың болмауына байланысты жобаны іске асыру кейінге қалдырылды", – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Сәбит Оспанов қалалық мәслихаттың сессиясында.

Оның айтуынша, қала әкімдігі қаржы бөлу қажеттілігі туралы хатты премьер-министрге жолдады. Әкімнің орынбасары депутаттардан үкіметке тиісті өтініш жолдауларын сұрады.

Қаладағы апаттылық жоғары болып қалуда.

Полицияның мәліметінше, 2016 жылы Қарағандыда 4000 аса ЖКО орын алды, соның ішінде 257-сінде адамдар құрбан болған және зардап шеккен.

38 адам жол апатының салдарынан көз жұмды, 262-сі түрлі жарақаттар алған.

2017 жылдың екі айында 12 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 14 адам зардап шеккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу