Қарағандыда әкімдік қаржысын жымқырған бұрынғы бухгалтер сотталды

267

Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлім етті. 

Қарағандыда әкімдік қаржысын жымқырған бұрынғы бухгалтер сотталды Фото: inbusiness.kz

Прокуратура жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Қарағанды облысында кент әкімі аппаратының бухгалтері сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді", - делінген хабарламада.

Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу