Қарағандыда Ақселеу Сейдімбек атындағы республикалық жас жазушылар байқауы мәресіне жетті

660

Байқау үш санат бойынша өтті: "Жас жазушылар", "Жас публицистер" және "Жас этнографтар".Биыл шығармашылық жарыс республикалық мәртебеге ие болып, "Жас этнографтар" номинациясымен толықтырылды.

Қарағандыда Ақселеу Сейдімбек атындағы республикалық жас жазушылар байқауы мәресіне жетті Фото: gov.kz

Биыл көрнекті этнограф, жазушы, публицист Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толды. Осыған орай, Қарағандыда Ақселеу Сейдімбек атындағы республикалық жас жазушылар әдеби-шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды, деп жазады  inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Әдеби-шығармашылық жарыстың Гран-приін Астанадан келген Ғылымнұр Қадірбай жеңіп алды..

 "Мен "Жас этнографтар" номинациясына "Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?" мақаламды жібердім. Биылғы байқау ерекше болды. Біздің жұмысымызды белгілі жазушылар мен ақындардан тұратын қазылар алқасы бағалады", – деп атап өтті Ғылымнұр Қадірбай.

"Жас жазушылар" санатында бірінші орынды Ұлытау облысынан Абай Ораз иеленді. Алматылық Ақниет Ералиева үздік "Жас публицист" атанды.  "Жас этнографтар" номинациясында Ұлытау облысынан Мейіржан Мұхамеджанов бірінші орынды иеленді

Байқауға қатысушылардың жұмысын қазылар алқасы – белгілі ақындар мен жазушылар Әлібек Асқаров, Ғалым Жайлыбай, Серік Ақсұңқарұлы, Қойлыбай Асан бағалады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу