Қарағанды қаласындағы "Ақжолтай" базар кешенінен өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.
Облыстық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 10 қазан күні сағат 13:36-да Бұқар жырау даңғылы, 53А мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
"Ақжолтай" базары кешенінде, бірінші қабаттағы "5 карманов" дүкенінің қоймасында алдын ала мәлімет бойынша 40 шаршы метр аумақ өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Өртті жоюға төтенше жағдайларды жою күштері, атап айтқанда жеке құрамның 66 адамы мен 16 бірлік техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу