Қарағандыда алаяқ зейнеткердің 4,4 млн теңгесін қолды қылды

484

Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді, тергеу амалдары жалғасуда. 

Қарағандыда алаяқ зейнеткердің 4,4 млн теңгесін қолды қылды

Қарағандыда зейнеткерге құқықтық көмек көрсетемін деген алаяқ оның 4 миллион теңгеден астам ақшасын қолды қылды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне 66 жастағы азамат арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында белгісіз бір заңгер оның 4 млн 400 мың теңге ақшасын алып алдап кеткенін көрсеткен.

Белгілі болғандай, жәбірленуші мұра ретінде бірнеше мүлікті алу керек болған. Осыған орай оған қажетті құжаттар рәсімдеу қажет еткен. Сондықтан да ол осы құжаттарды рәсімдеуге көмектесу үшін белгісіз азаматқа құқықтық көмек көрсету үшін өтініш білдірген. Ол жәбірленушіге тегін көмектесемін деп уәде берген. Осы сөз жәбірленушінің көңіліне жылу ұялатып, оның сөзіне сенген.

Мұраға өткен мүліктерді рәсімдеудің соңғы сатысында келісім-шарт рәсімдеу барысында 66 жастағы азамат өзі сенген заңгердің алаяқтық жолмен 4 миллионнан астам ақшаны қолды қылғанын сезген.

Жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу