Қарағандыда алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 1,7 млрд теңгеге жетті

448

Прокурорлар сот орындаушыларының әрекетсіздігі салдарынан өндіріп алынбаған 28 мүлік объектісін, 300-ден астам мал басын және 22 бірлік арнайы техниканы анықтады.

Қарағандыда алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 1,7 млрд теңгеге жетті Фото: Turkystan.kz

Бұл туралы Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс прокуроры өңірде 1,7 млрд теңгеден асқан (22 мың баланың пайдасына) алименттік берешек түріндегі жағымсыз жағдай орын алуын атап өтті.

Себептері - орындау органдарының басқа мемлекеттік органдармен  бірлесіп борышкерлермен жұмыс істеу, оларды бақылау, жұмысқа орналастыру, сондай-ақ оларға әкімшілік және қылмыстық ықпал ету бойынша өзара іс-қимылдың болмауымен байланысты.

Қадағалау ведомствосы 86 қасақана борышкерде электрондық әмияндардан, букмекерлік компаниялардан, бағалы қағаздар биржаларынан және такси қызметтерінен түсетін жасырын кірістер бар екенін айқындады (36 млн теңгеге.).

Прокурорлар сот орындаушыларының әрекетсіздігі салдарынан өндіріп алынбаған 28 мүлік объектісін, 300-ден астам мал басын және 22 бірлік арнайы техниканы анықтады.

Мұның бәрі 89% жағдайда мүлікті иеліктен шығаруға әкелді.

Борышкерлерді қылмыстық және әкімшілік қудалау мәселелері қозғалды.

Облыс прокуратурасы Әділет министрінің атына қадағалау актісін жолдады. Қасақана борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу