Қарағандыда "Алтын Арба" базары өртенді

1551

Оқыс оқиға бүгін түнде болған.

Қарағандыда "Алтын Арба" базары өртенді

Қарағындыда "Алтын Арба" базары өртеніп, 3 тамақтану орны жанып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер өртті түнгі сағат 01:52 сөндірген, базардағы бутиктер өртенбеген.

"Алтын Арба" базарында орналасқан 3 кафедегі жиһаз, ағаш қаптамасы, жылу өткізбейтін материалдар, жабдықтар, асханадағы керек-жарақтар жанған. Жалпы 500 шаршы метр аумақ өртенген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр", – деп жазылған Қарағанды облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өртті сөндіруге 52 қызметкер мен 15 техника жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу