Қарағандыда анасы мен баласы түтінге тұншығып қала жаздады

150

ТЖМ құтқарушылары түтін басқан пәтерден анасы мен баласын эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қарағандыда анасы мен баласы түтінге тұншығып қала жаздады Фото: ҚР ТЖМ

Түнде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде тұрғындар күйік иісін сезіп, құтқарушыларды шақыртты.

"Шақыруға өрт сөндіру қызметінің кезекші есептобы келіп, 1-қабаттағы пәтерде газда қалған тағамның жануын анықтады. Ашық от болған жоқ, бірақ түтін қатты болды. Пәтерден құтқарушылар ұйықтап қалған үй иесі мен оның 2022 жылы туған кішкентай ұлын эвакуациялады. Қауіп жойылды", – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу