Қарағандыда "Аргус-жаяу жүргінші" камералары орнатылады

337

Қарағанды қаласында жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр.  

Қарағандыда "Аргус-жаяу жүргінші" камералары орнатылады Фото: gov.kz

Биыл шаһарда 6 жаңа бағдаршам, қосымша жылы аялдамалар орнатылып, "Аргус-жаяу жүргінші" камералары іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz.

"Әкімшілік полицияның ұсыныстарына сәйкес, сондай-ақ 2024 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес Қарағанды көшелерінің жол желісінде апатты азайту және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жұмысқа байланысты іс-шаралар кешені өткізілетін болады", – деді полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Нақтырақ айтқанда, Махметов және Дружба көшелерінің қиылысында, Открытая және Магнитогорск, Қазақстан және Жилстроевская, Волгодонсңая және Сеченов көшелерінің қиылысында, "Политех – ПВУ" ауданында және Мұқанов көшесінде "Отау" тұрғын үй кешендерінен шығар жерде алты жаңа бағдаршам пайда болады.

Сондай-ақ, қала көшелерінде белгілі бір қиылыстың жүктемесіне байланысты жол қозғалысын дербес реттеуге қабілетті қосымша ақылды бағдаршамдар орнатылады. Республика даңғылында және Сарыарқа мен Гоголь көшелерінде жаяу жүргіншілер өткелдерінің үстінде жыпылықтайтын жарық орнатылады.

Қазір "Аргус-жаяу жүргінші" камералары сынақтан өтіп жатыр. Олар жолақтан өткелі тұрған адамдарға жол бермеген көліктердің ереже бұзғанын тіркейді. Биыл осындай 10 камераны іске қосуды жоспарда бар.

Сонымен қатар қысы қатты өңірде жылы аялдамалар көбейеді. Кирзавод-3, 4 ауданында, Шахтерский (Пришахтинск), Финсіий, Узенка (ЖБИ ауданы), Рабочий (Сұрыптау) кенттерінде және Пришахтинскінің 23-шағын ауданында он жаңа жылытылатын павильон пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу