Қарағандыда арнайы операция барысында 17 адам ұсталды

513

Қарағандыда қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолы кесілді. 

Қарағандыда арнайы операция барысында 17 адам ұсталды Фото: google

Нәтижесінде 17 адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның Telegram арнасына сілтеме жасап.

"19 желтоқсан сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды. Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан ізін суыту барысында қызметтік көлікті соғып кетті", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, ұсталғандардың бірінен қару тәркіленген.

Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу