Арыстанның төлдерін ұрлап, 6 млн теңгеге сатқысы келгендер сотталды

221

Олар Директор орынбасары мен хайуанаттар бағының екі қызметкері.   

Арыстанның төлдерін ұрлап, 6 млн теңгеге сатқысы келгендер сотталды Фото: Alexey Osokin

Қарағанды полиция департаменті қаладағы хайуанаттар бағының үш қызметкеріне қатысты сот тыңдауы басталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айыпталушылар былтыр маусым айында жануарларды хайуанаттар бағының аумағынан шығарып, алты миллион теңгеге сатуға тырысқан. Туғаннан бастап бір айлық кішкентай арыстандар картон қорапта болған. Қазыбек би аудандық сотының сотталушылар орындығында Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы директорының орынбасары және екі қызметкері отыр.

Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес, яғни 339-бап "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз ұстау" және 188-бап "Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау" бойынша айып тағылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу