Қарағандыда әскери атын жамылып, балабақшаға балаларын кезексіз орналастыратындар жиілеген

1233

Қарағандыда әскери атын жамылып, балабақшаға балаларын кезексіз орналастыратындар жиілеген

Қарағандыда өздерін әскери қызметкермін деп атап, балаларын балабақшаға кезектен тыс орналастыру әдісі кеңінен тарауда, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыдағы Қазыбек би ауданының қадағалау органдарының хабарлауынша, жалған құжатпен кезектен тыс балабақшадан орын алу бойынша 6 оқиға тіркелген.

"Ата-аналар қалалық білім беру бөліміне әскери қызметкер екенін растайтын анықтама мен әскери бөлім өтініштерін әкелген. Прокурорлық тексеру барысында, олардың ешқашан әскери қызметте болмағаны анықталды", делінген хабарламада.

Шара қолдану үшін жалған ақпарат туралы Орталық гарнизон прокуратурасына хабар берілді. Қарағанды білім беру бөліміне қадағалау актісі енгізілді. Прокурорлар балабақшаға заңсыз орналастырыған балаларды шығаруды және кінәлілерді жазалауды талап етті.

"Нәтижесінде Қарағанды білім беру бөлімінің бір қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, Қарағанды әкіміне қалалық білім беру бөлімінің жетекшісін тәртіптік жауапкершілікке тарту арқылы құқық бұзушылықты ретке келтіру туралы ұсыныс жіберілді. Қазіргі уақытта ол талқыланып жатыр", делінген хабарламада.

Прокурорлық шаралар арқылы балабақшаға кезекте тұрған 2 мыңнан астам баланың құқықтары қорғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу