Қарағандыда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды

830

Қазір 18 жастағы Әліби Сапаның қазасына қатысты тергеу басталды.

Қарағандыда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды

Қарағандыдағы №6505 әскери бөлімінде кеше оққа ұшқан сарбаздың денесі табылды. Әскерилер оны өзіне қол жұмсаған деп отыр, деп хабарлайды КТК..

Туыстары сарбаздың суицид жасағына сенбейді. Себебі, марқұм алдыңғы күні ғана үйіне хабарласып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан.

Оққа ұшқан сарбаздың денесі таңғы 7:40-та табылыпты. Қазір 18 жастағы Әліби Сапаның қазасына қатысты тергеу басталды.

"Қатардағы Әліби Сапа өз-өзіне қол-жұмсап, қару арқылы мерт болғаны анықталды. Көңіл-күйі жақсы болған еді. Кенеттен болған жағдай. Ондай ойы жоқ болатын. Бәріміз таңқалып отырмыз",­ – дейді 6505 әскери бөлім командирінің орынбасары м.а Мақсұт Жүсіпбеков.

Айта кетсек, 2013 жыл мен 2014 жылы де мұнда бірнеше сарбаз қайтыс болған. Онда да өз-өзіне қол жұмсады делінген. Оның біреуі асылған күйі табылса, өзгесі оқ жарақатынан көз жұмған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу