Қарағандыда астан уланған 20 адам ауруханаға түсті

742

Қарағандыда астан уланған 20 адам ауруханаға түсті

Қарағандыда ауызашарға барған адамдар жаппай уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауруханаға астан улану белгілерімен 20 адам қаралған. Барлығында жоғары дене қызуы, құсу, іш өту сияқты, жалпы өткір ішек инфекциясына тән белгілер болды.

"Дәрігерлер көмектерін көрсетіп, қажетті ем жазып берді, өмірлеріне төнген қауіп жоқ, жағдайды бақылап отырмыз", - деді облыстық инфекциялық аурухананың директоры Гүлмира Бекзатова.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, уланған науқастардың ішінде 4 бала бар.

"Талдау нәтижелері әлі шыққан жоқ. Барлық емделушілер ауызашар кезінде ет, салаттар мен ұннан жасалған тағамдарды жегенін айтты. Дәл қазір адамдар неден уланғанын нақты айту мүмкін емес. Ауруханаға түскендердің барлығы - қарағандылықтар. Араларында 5 пен 13 жас аралығындағы балалар да бар. Барлығы бір үйден тамақ ішкен", - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу