Аттракцион қызметкерлері жолаушыларды рельстен түсіруге көмектесті, зардап шеккендер жоқ.
Саябақта болған оқиғаға байланысты барлық аттракциондар тексеруге тоқтатылды.
"Шынымен де осындай оқиға орын алды. Қауіпсіздікті тексеру мақсатында техникалық жарамдылық сараптамасы сертификатын алған барлық аттракциондар осы оқиғалардың қайталанбауы үшін уақытша тоқтатылады", – деді саябақ басшылығы Patriot басылымына.
Аттракцион арнайы конструкциядағы рельстермен қозғалады және жолаушылар тасымалдайтын құрамы бағыты мен жылдамдығын күрт өзгертетіндей етіп жасалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу