Қарағанды облысы, Шешенқара ауылының тұрғындары "бұрынғы әкім жайылымды жерімізді басып алды" деп шу шығарды. Маңайда мал жайылатын жер қалмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Ал, экс-шенеунік болса, тоғыз жылдан бері алған алқапты мақсатты пайдаланбаған.
"Біз бишара не сиыр, не қой, тауық баға алмай жүрміз".
Осылай мәселелерін айтып, ағынан жарылған жұрттың басым бөлігі малға қарап отыр. Бірақ сол төрт-түлікті жаятын ауыл маңында өріс қалмаған. Себебі, елдімекеннің жан-жағы жекенің қолында кеткен. Тіпті, өзеннен су берудің өзі тұрғындар үшін, мұңға айналған.
Шешенқара тұрғындарының айтуынша, Қарасу өзені жеке кәсіптің еншілігіне өтіп кеткен. Салдарынан, малдарын баға алмай отыр. Ал аяғын басқан төрт-түлікті жеке кәсіпкер қуып әлек.