Қарағандыда ауыл тұрғынынан киік мүйіздері мен тіркелмеген 5 қару тәркіленді

322

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Қарағандыда ауыл тұрғынынан киік мүйіздері мен тіркелмеген 5 қару тәркіленді Фото: polisia.kz

24 шілде күні Нұра аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметіне қарасты табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері “Охотзоопром” қызметкерлерімен бірлесіп “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. 

Іс-шара барысында 34 жастағы ауыл тұрғынының жылқы баптаумен айналысатын шаруашылықтың малшысы тұратын үйіне назар аударды. Оны тексеру барысында полиция қызметкерлері бес дана киік мүйізін тәркіледі. Малшы киік мүйіздерін жайылымнан тауып алғанын айтты. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.  Сондай-ақ тәртіп сақшылары малшы тұратын вагоннан тіркелмеген 5 қару тәркіледі. Алынған қаруларға сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу