Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы кезінде зардап шеккен науқастардың бірі бүгін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бірнеше сағат бұрын Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада екі автобустың соқтығысуы кезінде зардап шеккен жолаушылардың бірі қаза тапты.
"2003 жылы туылған науқас өмірге сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар салдарынан қайтыс болды. Қалған зардап шеккендердің динамикасы тұрақты", - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, бүгін таңертең Қарағандыда екі жолаушы автобусы соқтығысқанын жазған болатынбыз. Апат салдарынан бір автобустың жүргізушісі қаза тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу