Қарағанды қаласында екі қабатты автокөлік базарының ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдай Дюсембеков көшесінде болған. Өрт салдарынан ғимараттың бірінші қабатындағы автокөлік бөлшектерін сататын бес бутик, сондай-ақ сөрелер мен жиһаз жанған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндірді. Мамандар жалынның көршілес орналасқан 21 сауда орнына таралуына жол бермеді.
Өрт 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу