Қарағандыда аяғы ауыр көпбалалы аналар есірткі сатқан

407

Қазіргі уақытта еріктілер мен полиция есірткі жарнамасы бар 10 000-ға жуық граффитиді бояды.

Қарағандыда аяғы ауыр көпбалалы аналар есірткі сатқан Фото: polisia.kz

Қарағандыда полиция есіркі сатумен айналысқан 53 адамды ұстаған. Олардың араларында аяғы ауыр екі әйел болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ұсталғандардың ішінде жүкті екі әйелден бөлек, көпбалалы әйел, төрт студент және кәмелетке толмаған 8 бала бар. Екі әйелдің бірі 2 келіге жуық синтетикалық есірткіні осында жеткізгеен, екіншісі – көпбалалы ана оны қала бойынша таратқан. Екеуі де 8-10 жыл мерзімге сотталды.  

Кешкі Қарағанды арнасының хабарлауынша, полицейлер есірткі бизнесімен күресті жалғастырып жатыр.

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Әбіл Әбілдиннің айтуынша, жыл басынан бері ақпараттық ресурстар арқылы есірткі сатқандарға 71 қылмыстық іс қозғалған.

Оның ішінде 40-ы – граффити арқылы жарнамалағандар.

Полковник Әбілдин граффити арқылы жарнама жасағандар 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу